Оңдасын Оразалин Израиль Мемлекетінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

22 қыркүйек, сейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Израиль Мемлекетінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманмен кездесті. Екі жақты кездесу барысында израильдік бизнес өкілдерінің Ақтөбе өңіріндегі инвестициялық жобаларға қатысуы, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, аумақтарды абаттандыруға қатысты салаларда байланыстар орнату жайы сөз болды.Облыс басшысы Лиат Вексельманға аймақтың экономикалық әлеуетін таныстыра отырып, Израиль Мемлекеті мен Ақтөбе облысы арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерелетіндігіне сенім білдірді.«ҚР Сыртқы істер министрлігінің жаңа өкілеттіктері аясында шетелдік инвестицияларды тартуға және қазақстандық экспортты ілгерілетуге баса назар аударылып отыр. Біз өзара іс-қимылымыздың аясын кеңейтуге қуаныштымыз. Осыған байланысты біздерді денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, цифрландыру бағыттарындағы ынтымақтастық қызықтырады. Ақтөбе облысына жасаған сапарыңыз екі жақты достық пен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтудың кепілі болады деп үміттенемін»,-деді Оңдасын Оразалин.Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағында 500 еврей диаспорасы тұрады, сондай-ақ аймақта 1995 жылы құрылған «Шалом» еврей мәдени орталығы жұмыс жасайды.Соңғы 10 жылда Қазақстандық мамандардың шетелдік тағылымдама бағдарламасы аясында 1000-нан астам қазақстандық дәрігерлер Израильдің медициналық орталықтарында мамандандырудан өтті. Жыл сайын израильдік мамандар қазақстандық медициналық орталықтар мен клиникалар базасында 30 - ға жуық шеберлік сыныптарын өткізеді.