Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Global Service Company» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Global Service Company» ЖШС басшылығы арасында Ақтөбе қаласының аумағында «Диализаторлар өндіру зауыты» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Диализатор – бұл токсиндерді кетіретін және қанды пайдалы заттармен байытатын бір реттік стерильді сүзгі. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін гемодиализ процедурасында қолданылады.
Қазіргі уақытта диализаторлардың 100% Қазақстанға шетелден импортталады. Жоба ТМД елдерінің аумағында баламасы жоқ медициналық өнеркәсіп саласында мүлдем жаңа кәсіпорын құруға ықпал ететін болады. Жобаның құны - 3,7 млрд.теңге, қуаты – жылына 1 млн. диализатор. 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады және бюджетке тұрақты салық түседі.Біз жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіп, маңызды жобаны сүйемелдейтін боламыз. Диализаторлар өндірісін сериялық іске қосу 2021 жылдың тамыз айында жоспарлануда.