"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді.

Ақтөбе өңіріндегі «Қазақойл-Ақтөбе» , «Қазақтүрікмұнай» , «Өріктау Оперейтинг» ЖШС-терінің атқарған жұмыстары жөнінде айтылды.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі жұмыс берушілер қатарына жатады, облыста шамамен 900 адам аталмыш компанияның ең жақсы еңбек шарттарымен қамтамасыз етілген, әрі олардың орташа жалақы көлемі де жоғары”,-деді Оңдасын Оразалин.Алик Айдарбаев өз кезегінде пандемия кезінде Ақтөбе облысында жұмыс орындарының қысқартылмағанын айтып өтті.“Жалақы көлемі сақталды. Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне үлкен көңіл бөледі. Алдағы уақытта бірлесе отырып, табысты жұмыс істейміз деп сенемін»,-деп атап өтті басқарма төрағасы.Айтып өтейік, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС 2007 жылдан бастап, Байғанин ауданы Жарқамыс елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен ақысыз түрде қамтамасыз етіп келеді. Ұлттық компания еліміздің мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін, көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша ірі қазақстандық оператор. Бұдан соң, ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен облыс басшысы Оңдасын Оразалин «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, “Әлібекмола” , “ Лақтыбай”, “Қаратөбе”, “Қожасай «Gas Processing Company» мұнай -газ конденсат кен орындарының жүмыстарын қарады.“Қаратөбе” кен орнында вахталық қалашық бой көтермек. Басшылық тараптар құрылыстың алғашқы іргетасын қалауды бастап берді. 100 орынға арналған жатақхана заман талабына сай салынады. Кешенде медпункт, тынығатын орын, жабық спорт зал т.б қажетті ғимараттар болады. Құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады деп күтілуде.