Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияға байланысты Сall-орталығы (тел. 906-606) ашылды. Күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің, полиция, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, білім басқармаларының, Ақтөбе қаласы әкімдігінің мамандары өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап береді. Мұндай шараларды өңір басшылығы ақтөбеліктердің өтініштеріне дер кезінде жауап беру және мемлекеттік органдардың жұмысын жедел үйлестіру үшін қабылдады. Саll-орталығының телефоны: 906-606.