Құрметті қызмет алушылар!

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында 26 наурыздан бастап 16 сәуірге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік қызметтерді қашықтан көрсетуге көшеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді. Бұдан бұрын тапсырылған өтініш бойынша дайын болған құжаттарды ХҚО-ның құжат беру секторынан 28 наурызға дейін 09. 00-ден 17.00-ге, сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы арқылы өз бетінше алуға болатынын еске саламыз. Мемлекеттік қызметтерді алу жолдары туралы кеңесті 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласып ала аласыз. Қоңырау шалу тегін.Жақындарыңыз бен өзіңізге қамқор болыңыз!