Зейнетақы жоспарын құрайық

Біз бәріміз алғашқы табысымыздан бастап Қордың салымшылары боламыз. БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны бүгінде - 10,6 миллионға жетті. Әдетте, жыл басында жинақ туралы ақпаратты біреулерге пошта арқылы жіберсе, біреулерге электрондық жәшікке жібереді. Ал, біреулер www.enpf.kz немесе www.egov.kzсайттарындағы жеке кабинетіне кіріп, жұмыс беруші аударған салымдарды және есептелген инвестициялық табысты көре алады. Сізге жеке зейнетақы шотына (ЖЗҚ) жұмыс беруші аударып отыратын міндетті зейнетақы жарналарының жүйелілігін, толықтығын және уақтылы түсуін тексеруге кеңес береміз. Егер Сіз жұмыс берушінің уақытылы төлем жасамайтының байқасаңыз, зейнетақы жарналары толық және /немесе кешіктірілмеген жағдайда, Мемлекеттік кірістер органдары жұмыс берушіге санкциялар қолдануы мүмкін. Яғни, аударылмаған қаражатты кәсіпорындардың банктік шоттарынан қызметкерлерді ЖЗШ-на аудару болып табылады.