Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
2020 жылғы 1 тоқсан
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және фэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына. сәйкес Ақтөбе облысының индустриалық-инновациялық даму басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
1. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу;
2. Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;
3. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру;
4. Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру;
Жоғарыда аталып өткен қызметтер бойынша басқармамен 2020 жылдың 1 тоқсаны бойынша 9 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
Электрондық түрде көрсетілген қызметтер бойынша «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 5 (қаңтар айында-1-Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беруден дәлелді бас тарту, ақпан айында - 2- Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру, наурыз айында – 1 - Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу, 1 - Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеуден дәлелді бас тарту).
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 4 (қаңтар айында -2 - Кен іздеушілікке арналған лицензияны беруден дәлелді бас тарту, наурыз айында – 2 Кен іздеушілікке арналған лицензияны беруден дәлелді бас тарту)
Добавлено: 
02.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
02.10.2018 - 05:00