Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының есебі

Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық даму
мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпарат
Кәсіпкерлікті қолдау картасының екінші бесжылдық аясында Ақтөбе облысында аталмыш бағдарламаның сомасы 249,2 млрд. теңгені құрайтын, 2,9 мың жұмыс орны пайда болатын 23 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 14 жоба іске қосылды: сөндірілмеген әктас, бекітпе бұйымдары, ұнтақтау шары, силикат өнімдері, сүт өнімдері, макарон өнімдері, ет комбинаты, хромы бар қалдықтарды қайта өңдеу, кіші-МӨЗ, жарақатқа қарсы төсемдер, мұнай жабдықтары және құбырлары, әйнек жуғыш сұйықтық, антифриз өндірісі, үй құрылыс комбинаты. 14 жобаның жалпы инвестициялар көлемі – 19 млрд. теңге, 1000-нан астам жұмыс орны пайда болды.
2015 жылы жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгені құрайтын және 598 жұмыс орын ашылған 7 жоба жүзеге асырылды.
2016 жылы жалпы сомасы 6,3 млрд. теңгені құрайтын және 281 жұмыс орын ашылған 3 жоба жүзеге асырылды.
2017 жылы жалпы сомасы 6,1 млрд. теңгені құрайтын және 220 жұмыс орын ашылған 4 жоба жүзеге асырылды.
Іске асырылу сатысында жалпы инвестициялар сомасы 230,2 млрд. теңгені құрайтын және 1,8 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын 9 жоба.
Оның ішінде жалпы инвестициялар сомасы 43,4 млрд. теңгені құрайтын және 510 астам жұмыс орны ашылатын 3 жоба.
- «Gas Processing Company» ЖШС-нің Қожасай кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысының құрылысы. Инвестициялар көлемі – 33 млрд. теңге. Жұмыс орындар - 250,
- «Зерде-Керамика Актобе» ЖШС-нің керамикалық гранит және керамикалық тақталар өндіру зауытының құрылысы. Инвестициялар көлемі – 9,2 млрд. теңге. Жұмыс орындар - 180.
- «АКМЭЗ»ЖШС-нің күнбағыс майын және жемшөп шротын өндіру май экстракциялау зауытының құрылысы. Инвестициялар көлемі – 1,2 млрд. теңге. Жұмыс орындар – 80.
Картаның қалған жалпы инвестициялар сомасы 186,8 млрд. теңгені құрайтын және 1,3 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын 6 жоба:
- «Жигер LTD» ЖШС-нің Шалқар ауданындағы минералды су өндіру бойынша зауыттың құрылысы. Инвестициялар көлемі – 100 млн. теңге. Жұмыс орындар - 20,
- «ПП Технодом СТ-KZ» ЖШС-нің тіркемелі техниканың өндірісі бойынша зауытын кеңейту. Инвестициялар көлемі – 600 млн. теңге. Жұмыс орындар - 120,
- «AltynEx Company» АҚ-нің «AltynEx» тау-кен-металлургия комбинаты. Инвестициялар көлемі – 148 млрд. теңге. Жұмыс орындар - 700,
- «Sazprom» ЖШС-нің дымқыл каолинді байыту фабрикасының құрылысы. Инвестициялар көлемі – 670 млн. теңге. Жұмыс орындар - 75,
- «Актюбинская медная компания» ЖШС-нің минералды шикізатты қайта өңдеу өнеркәсібін жаңғырту жобасы. Инвестициялар көлемі – 884 млн. теңге. Жұмыс орындар - 24.
«SM Minerals» ЖШС–нің Бенкала и Оңтүстік Бенкала кенорындарын игеру. Инвестициялар көлемі – 36,5 млрд. теңге. Жұмыс орындар - 425.