2018 жылғы 2 тоқсан көрсеткіштері

Жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша ақпарат
2018 жылғы I жартыжылдығы бойынша мониторинг субъектілерінің сатып алуларында тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің (ТЖҚ) жалпы көлемі 132 млрд. теңгені құрады. Жергілікті қамту 47,8% сомасы 63,4 млрд. теңгені құрады.
Бұл ретте:
- тауарлар 53,8 млрд. теңгеге сатып алынды, жергілікті қамтудың үлесі 14,3% сомасы 7,7 млрд. теңгені құрады;
- жұмыстар 39,2 млрд. теңгеге сатып алынды, оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі 66,0% сомасы 25,9 млрд. теңгені құрады;
- көрсетілген қызметтер 39,4 млрд. теңгеге сатып алынған, оның ішінде жергілікті қамтудың 75,4% сомасы 29,7 млрд. теңгені құрады.
2017 жылғы I жартыжылдығымен салыстырғанда 2018 жылғы 1 тоқсан бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сатып алуы 15 млрд. теңгеге көтерілді (117,0 млрд. теңгеден 132,5 млрд. теңгеге дейін).
Мониторинг субъектілерінің бөлінісінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі:
- мемлекеттік сатып алу бойынша 16,9 млрд. теңгені, бұл ретте жергілікті қамту – 10,2% сомасы 1,7 млрд. теңгені құрады. 2017 жылғы I жартыжылдығымен салыстырғанда мемлекеттік органдардың ТЖҚ сатып алуы 6,5 млрд. теңгеге көтерілді (10,3 млрд. теңгеден 16,9 млрд. теңгеге дейін), жергілікті қамтудың үлесі 4,5% өсті;
- ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 16 млрд. теңгені, бұл ретте жергілікті қамту – 74,9% сомасы 12 млрд. теңгені құрады. 2017 жылғы I жартыжылдығымен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі 7,5% көтерілді;
- жер қойнауын пайдаланушылар бойынша 49,2 млрд. теңгені, бұл ретте жергілікті қамту – 51,4 % сомасы 49,1 млрд. теңгені құрады. 2017 жылғы I жартыжылдығымен салыстырғанда жер қойнауын пайдаланушылардың ТЖҚ сатып алуы 9,1 млрд. теңгеге өсті (89,3 млрд. теңгеден 98,4 млрд. теңгеге дейін);
- жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша 1,3 млрд. теңгені, бұл ретте жергілікті қамту – 38,5 % сомасы 444,6 млн. теңгені құрады. 2017 жылғы I жартыжылдығымен салыстырғанда жүйе құраушы кәсіпорындардың ТЖҚ сатып алуы 384 млн. теңгеге өсті (769,3 млн. теңгеден 1,1 млрд. теңгеге дейін).
Ақтөбе облысының әкімдігі жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен 7 отырыс, кездесулер, өндірістік турлар өткізілді.
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы жергілікті қамту үлесін дамыту комиссиясы шеңберінде ірі кәсіпорындар жергілікті тауарөндірушілермен 35 жуық келісімшартқа қол қойылды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айының басында жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы жергілікті қамту үлесін дамыту Аймақаралық форумы өткізілді. Форумға Инвестициялар және даму министрліктерінің өкілдері, «Надлок» АҚ, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары жер қойнауын пайдаланушылары қатысты.
Ағымдағы жылдың 4 мамырында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясының Ашық есік күні шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара шеңберінде, аталған компаниямен 2018 жылға арналған нысаналы индикатор тауарларды сатып алуға 16-19% белгіленіп, Келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС тауарларды сатып алуға 40-45% және жұмыстар мен қызметтер бойынша 75-80% мақсатты индикаторға қол қойды. «Тетис Арал газ» ЖШС тауарларды сатып алуға 30% және жұмыстар мен қызметтер бойынша 95% мақсатты индикаторға қол қойды. «КМК мунай» АҚ тауарларды сатып алуға 16% және жұмыстар мен қызметтер бойынша 70% мақсатты индикаторға қол қойды.
2018 жылдың 4 шілдесінде «Ақтөбе облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы» Өнер орталығы ғимаратында «Жергілікті өндірушілер үшін ERG компаниясының ашық есік күні» ұйымдастырылды. Шараға ERG Машкевич А.А., ERG Еуразиялық тобының өкілдері, «Атамекен» АТП, әлеуетті жеткізушілер және отандық өндірушілер қатысып, 30 жергілікті тауарөндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды.
Осындай іс-шара 2018 жылы 25 шілдеде «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Казгеоруд» ЖШС, «Коппер технологиясы» ЖШС-мен бірігіп өткізілді. Кездесуде тауар өндірушілердің өзекті мәселелері және 2018 жылдың 3-4 тоқсанындағы сатып алу жоспарлары талқыланды.
2018 жылдың 12 қыркүйегінде тау-кен өндіретін «Восход Oriel» ЖШС және алтын кенін өндіретін «AltynEx Company» АҚ арналған «Ашық есік күні» өтті. Жергілікті тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің мүмкіндіктері ұсынылып, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға қатысты мәселелер қарастырылды.
Осы бағытта жұмыс жалғасуда.