Инновациялық даму

2018 жылдың Ақтөбе облысы инновациялық дамудың қорытындысы.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылы ҒЗТКЖ шығындары 6,2 млрд.теңгені құрады, ішкі шығындарға 974,6 млн.теңге, сыртқы ҒЗТКЖ-ға 5,2 млрд. теңге құрады.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған ішкі шығындарды қаржыландыру көздерінің құрамындағы ең үлкен үлес кәсіпорындардың өз қаражатына – 83,1%, республикалық бюджет қаражатына – 13,9%, ал басқа көздер қаражатына – 3,0% келеді.
2018 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен 351 адам айналысты, оның ішінде 290 адам зерттеуші-мамандар болып табылады. ҒЗТКЖ орындаған ғылым докторларының саны 22 адамды, ғылым кандидаттары – 80 адамды және магистрлер саны 48 адамды құрады
Сондай-ақ, 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 1 174 кәсіпорны инновациялық қызметке статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 125 шаруашылық субъектісінің инновациялары болды (2017ж. – 116 кәсіпорын) немесе белсенділік деңгейі – 10,6% құрады.
Инновацияның барлық түрлері бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі - 10,6%, ал өнім және процесс инновациялары бойынша 8,5% құрады. Инновациялардың барлық түрлері бойынша инновациялар саласындағы неғұрлым жоғары белсенділік ірі кәсіпорындар арасында байқалды және 50% құрады (есеп берген 102 ірі кәсіпорындардың 51-і инновациялық қызметті жүзеге асырды).
Өндірілген инновациялық өнім көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 44,3 млрд. теңгені (2017 жылдың ұқсас кезеңінде 39 млрд. теңге) құрады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорындардың инновациялық-белсенділік жоспары – 11% құрайды. (2019 жылдың қорытындысы Статистика комитетінің сайтында 2020 жылдың маусым айында жарияланады).