Ақтөбе облысы әкімдігініңкейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің
кейбір қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 – бабы 2 – тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 175 «Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 4400 тіркелген, Ақтөбе және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланған) қаулысында:
жоғарыда аталған қаулымен бегітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1- тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«1. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 245 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1984 тіркелген, 2015 жылғы 13 тамызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысында:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«1.Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге келiсiмшарттар жасасу, оларды тiркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
жоғарыда аталған қаулымен бегітілген «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«1.Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
жоғарыда аталған қаулымен бегітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«1.Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
жоғарыда аталған қаулымен бегітілген «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«1.Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
жоғарыда аталған қаулымен бегітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«1.Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.».
2. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекеновкежүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев