Тимур Рабаев: «Осындай кездесулер бізге жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді»

Тимур Рабаев: «Осындай кездесулер бізге жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді»
Өткен аптада Ақтөбе облысының индустриалық-инновациялық даму басқармасында өңіріміздегі жер қойнауын пайдаланушы компанияларының сатып алу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті. Аталған жұмыс тобының отырыстары жергілікті тауар өндіруші компаниялармен қызмет көрсетушілерге ірі кәсіпорындармен кездесіп, өз тауарын ұсынуға үлкен мүмкіндік береді.
«Ақтөбе өрт сөндіру жабдықтары зауыты» ЖШС директоры Тимур Рабаев осы жиындардың белсенді қатысушысы. Мекеме басшысының айтуынша, аталған идеяның арқасында көптеген жергілікті кәсіпкерлердің ірі сатып алушыларға шығуға мүмкіндігі бар.
«Осындай кездесулер бізге жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Себебі біз ірі кәсіпорын басшыларымен оңаша кездесіп, өз тауарымызды ұсына аламыз. Бірінші кезекте Ақтөбе облысының әкімдігіне алғысымды білдіргім келеді. Осындай шаралар кәсіпкерлерге деген тікелей көмек көзі. Біз әрдайым бастамалардың барлығына ат салыса қатысып отырамыз. Жақында мысалы Орынбордағы Ақтөбе облысының күндері аясында болған көрменің мүшесі болдық