Хромтау ауданында мыс пен мырыштың жаңа кеніші салынады

Хромтау ауданында мыс пен мырыштың жаңа кеніші салынады.
Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы І тоқсанының қорытындысы туралы мәлімдеді.
Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісі Хромтау ауданы экономикасының жетекші салалары болып табылады. Аманғали Бердалиннің айтуынша, есептік кезеңде өнеркәсіптік өнім көлемі 59,5 млрд теңгені құрап, 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 8,6% өскен. Ауданның өнеркәсіптік өндіріс көлемінің негізгі үлесін хром рудасы мен хром концентратының өндірісі құрайды. Мыс рудасын өндіру көлемін арттыру шаралары қабылдануда. «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС қуаттылығы жылына 500 мың мыс-мырыш рудасы болатын «Көктемгі-Арал» кенішінің құрылысын жүргізуде. Кеніш 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Инвестицияның көлемі шамамен 30,8 млрд теңгені құрайды.