Орынбор облысында 27-28 сәуір күндері Ақтөбе облысының күндері өтеді

Орынбор облысында 27-28 сәуір күндері Ақтөбе облысының күндері өтедіШекаралас ынтымақтастық тарихында алғаш рет Орынборда Ақтөбе облысының күндері аясында дөңгелек үстелдер, кітап көрмесі, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың қазақ труппасының спектакльдері ұйымдастырылады.Негізгі шаралар 28 сәуірге жоспарланған. Бұл күні Ю.Гагарин атындағы алаңда ақтөбелік ауыл шаруашылық өндірушілердің жәрмеңкесі өтпек. Сонымен қатар, қазақ тіліне, халықтық қолданбалы өнерге үйрету бойынша шеберлік сабақтары, денсаулық сақтау және білім беру саласы қызметкерлері үшін дөңгелек үстелдер, өтеді, ақтөбелік «Арбатта» кәсіби суретшілердің жәрмеңке-көрмесі ұйымдастырылады.Ақтөбе және Орынбор облыстарының ресми делегацияларының кездесуі кезінде екі өңірдің басшылары бірқатар келісімдерге қол қоюды жоспарлауда, атап айтқанда Бердібек Сапарбаев пен Юрий Берг мемлекетттік биліктің атқарушы органдарының Орынбор және Ақтөбе облыстарының шекаралық ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынасы мәселелері бойынша әрекеттер үйлесімінің механизмі туралы меморандумға қол қояды. Сонымен қатар, тараптар ауыл шаруашылықты, кәсіпкерлікті дамыту салаларында өзара қарым-қатынас жасауға ниетті.