Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеге өңір басшысының шақыруымен келген «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тэд Этчисонмен кездесті. 

Кездесу ірі бірлестік пен ақтөбелік кәсіпкерлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, ТШО кәсіпорнындағы жергілікті маңызы бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.