Өңірде 48 МЖС жобасы жүзеге асыру және жоспарлау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен мемлекеттік –жекеменшік әріптестіктің жүзеге асырылуы туралы мәжіліс өтті. Өңірде 48 МЖС жобасы жүзеге асыру және жоспарлау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобаларға тартылған инвестиция көлемі- 29,1 млрд. теңге. 
Жиынды ашқан өңір басшысы көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығын атап өтті. «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік — мемлекет басшысының берген тапсырмаларының бірі. Оның үстіне экономиканы дамытудың, әлеуметтік мәслелелерді шешудің тиімді жолдарының бірі осы саланы дамыту. Бұл бағыттағы жұмыстар облыста тұрақты жүруде. Бірақ, біздің әлі де болса мүмкіндігіміз көп. Соның барлығын тиімді пайдалануымыз керек», - деді Бердібек Сапарбаев. 
Қазір облыста бірқатар нысандардың құрылысы қарқынды жүруде. Алдағы уақытта соларды уақытымен және сапалы аяқтау қажеттігі туралы айтылды.