ҚР Премьер-Министрі ферроқорытпа зауытының өнімділікті арттырумен қатар,қоқыс көлемін азайтатын 4ші цехымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өнімділікті арттырумен қатар, қоқыс көлемін азайтуға да мүмкіндік беретін жаңа технологияны қолданатын 4-ші цехының жұмысымен танысты.
Төртінші цехты іске қосудың нәтижесінде өндірілетін өнімнің өзіндік құны төмендеп, қазақстандық мазмұндағы үлес 100 %-ға жетті. 2017 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 4-ші цехында өндіріс көлемін 2016 жылмен салыстырғанда екі есе арттыру жоспарлануда. Ағымдағы жылдың аяғына дейін Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде орны ерекше 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохром өндіру жоспарда бар.