ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жоғары жылдамдықтағы қозғалысты желі рельстерін өндіретін «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШСне барды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Индустрияландыру картасының ірі жобаларының бірі – жоғары жылдамдықтағы қозғалыс желісі мен көтеріңкі жүк қауырттылығы желісі үшін рельстер өндіретін «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не де барды. 
ТМД-да алғаш рет ақтөбелік зауытта ұзындығы 120 метр болатын рельс өндірісі игерілмек. 2016 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 76 млрд теңгенің өнімін өндірді. 
Премьер-министрге шығарылатын өнімнің үлгілері, технологиялық үдерісі көрсетіліп, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. 
2010−2015 жылдар мен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде Индустрияландыру картасы аясында құны 523 млрд. теңге болатын 83 жоба енгізіліп, 7,6 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды.