«ОРЫС МЫС КОМПАНИЯСЫ» ЖАҚ ПРЕЗИДЕНТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БИЗНЕС АХУАЛЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Орыс мыс компаниясы» ЖАҚ президенті Всеволод Левинмен жұмыс барысындағы кездесу өткізді. 
Орыс мыс компаниясының құрамына Хромтау ауданында мыс-мырыш кенін шығаратын «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС кен орны кіреді. Кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы мен ЖШС-ның алдағы даму барысын талқылады. 
Бердібек Сапарбаев кәсіпорын басшысының алдына тауарды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық құрамның үлесін ұлғайту, жұмысшылардың еңбекақысын инфляция деңгейінен төмендетпей индексациялап, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту бойынша серіктестік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларды қойды.