Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы

Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған
аумақты дамыту бағдарламасы
1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
Атауы
Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіз
«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы
Өңірдің негізгі сипаттамалары
Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың аумағы 300,6 мың ш.м., бұл мемлекет аумағының 11%-ын құрайды. Облыс бойынша халықтың тығыздығы орташа есеппен аумақтың 1 км2-ге 2,7 адамды құрайды. Қазақстанның алты облысымен (Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары), сонымен қатар солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономиялық облысымен шектеседі. Облыс халқы 822,5 мың адамды санайды (2015 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша).
Ақтөбе облысы Қазақстанның индустриялық дамыған өңірі болып табылады. Өңір экономикасының негізгі бағыты – өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісі.
Бағыттары
- Экономика
- Әлеуметтік сала
- Қоғамдық құрлым және құқықтық тәртіп
- Инфрақұрылым
- Экология және жер ресурстары
- Мемлекеттік қызметтер
Бағдарлама мақсаттары
- Жалпы өңірлік өнім деңгейін жоғарлату және экономиканың базалық секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Өңдеу өнеркәсібінің өнім шығарылымын арттыру және саланың
еңбек өнімділігін арттыру;
- Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және
дамыту;
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
- Өңіраралық қарымқатынастық байланыстың белсенділігін арттыру және басқа өңірлерге жөнелтілген өнеркәсіп өнімі көлемін арттыру;
- Өңірде инвестициялық климатты жақсарту, капитал салуға жағдай жасау;
- Білім беру сапасын, қолжетімділігін жақсарту және білім беру
жүйесінің тиімділігін арттыру;
- Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту;
- Халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету;
- Мәдениет және өнер саласының таралуын арттыру;
- Халықтың физикалық белсенділігін қалыптастыру;
- Ақтөбе облысының туристік әлеуетін іске асыру;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген ересек халық үлесін арттыру;
- Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Байланыс инфрақұрылымын дамыту және халықтың цифрлық сауатылығын арттыру;
- Құрылыс саласының тиімді дамуына ықпал ету және халықты
қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- Көліктік инфрақұрылымды дамыту;
- Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету;
- Экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
- Ауыл шаруашылық айналымға тартылған жерлер үлесін арттыру үшін қажетті жағдай жасау;
- Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Нысаналы индикаторлар
Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі.
Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі .
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі.
Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі.
Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі.
Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі.
Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі.
Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту.
Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны.
Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту.
15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training)
Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі.
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім-жітімін төмендету.
1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін төмендету.
Жұмыссыздық деңгейі.
Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі
Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға оқиғалардың жиілік коэффициенті.
1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны; кітапханаға келушілер,театрға келушілер, концерттік ұйымдарға келушілер, мұражайларға келушілер.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту
Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер)
Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі.
Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы.
100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету.
Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі.
Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі.
Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету.
Орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемі индексі.
Пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту.
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру (БК бойынша барлығы 83).
Қажетті ресурстар
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаттары, қарыз қаражаттары.
Қаржыландыру көлемдері:
2016 жыл –млн. теңге
2017 жыл –млн. теңге
2018 жыл –млн. теңге
2019 жыл –млн. теңге
2020 жыл –млн. теңге
Барлығы: млн. теңге