Ақтөбе облысы бойынша 2016-2018 жылдары жаңадан құрылатын жұмыс орындар бойынша ақпарат

Ағымдағы жылдың сәуір айында Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың төрағалығымен индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста облыс әкімі индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру өңірді дамытудың негізгі тапсырмаларының бірі болып келетінін айтты.
Ақтөбе облысынның кәсіпкерлікті қолдау картасы 94 жобаны қамтитын 812,3 млрд. теңге сомасына тең 13,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Тұтастай алғанда, Бағдарламаны іске асыру кезеңінде пайдалануға 562,2 млрд. теңге болатын 79 жоба және жаңадан 7,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
"2016-2019 жылдарға арналған 250,4 млрд. теңге құрайтын пайдалануға беруге жоспарланған 15 жоба қарастырылып 5,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
2016 жылы жалпы сомасы 14,9 млрд. теңгені құрайтын кемінде 10 жоба пайдалануға беру жоспарланып отыр, жобада 700-ден астам жұмыс орны ашылады, оның ішінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 1 жоба іске асырылды - қуаты 111,6 мың тонна болатын аз тонналы мұнай өңдеу зауыты. Құны – 3,2 млрд. теңге, жұмыс орындар – 131 бірлік.
Қалған 9 жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 11,7 млрд. теңгеге, 600-ден астам жұмыс орны болатын жобалардың іске қосылуы жоспарланып отыр ( "Хромикс" пигмент-толтырғышы және магнезиалдық ұнтақ бар қалдықтарды өндіру, темір-бетон бұйымдары, тіркемелі техника, жарақаттық жабындылар, полиэтилен және полипропилен пакеттері, брэкстер, үй құрылыс комбинаты мен құс фабрикасы).
Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Есқалиев Ғ.Н. а.ж. 1 шілдеде өткен баспасөз-брифингі барысында хабардар етті.
Облыс әкімі Б.М. Сапарбаев қатыстуымен Ақтөбе облысында 5 ірі өндіріс орнының іргетасы қаланды.
Құны 6 млрд теңге болатын ірі жобалардың бірі «Зерде Керамика Актобе» ЖШС итальяндық технология бойынша керамогранит пен керамикалық плиталар шығарады. «FIBC Kazakhstan» ЖШС полиэтилен мен полипропиленнен қораптар, ірі өнеркәсіп мекемелері үшін жұмсақ контейнерлер өндіреді. «Talan Technology» компаниясы спорт ұйымдарына қажетті тақтайшалар, ал «Ақтөбе TOPSA Пласт» - әйнек жуатын сұйықтық пен антифриз, еріткіштер мен химиялық реагенттер шығарумен айналысады. «Поливест» компаниясы медицина мен саудаға қажетті полиэтилен өнімдерінің импортын алмастырады. Жобалардың жалпы құны 10 млрд теңгеден асады.
Аталған жобалар жүзеге асырылғанда жылына шамамен 1 млрд теңге салық түседі, 315 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Шара соңында Ақтөбе облысының әкімдігі және кәсіпорындар басшылары арасында жүзеге асырылғалы отырған жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды.
Сондай-ақ, жүргізілген талдауға сәйкес 2016-2018 жылдары бойынша 5 инвестициялық жобаларда мына кадрларға деген қажеттілік бар. Соның ішінде, ірі кәсіпорындар бойынша:
1. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС
- рельс-арқалық зауыты. Нысан 2015 жылы іске қосылды. Кадрларға деген қажеттілік - 96 бір.
2. «Восход-Ориел» ЖШС
- 390 жұмыс орны бар «Восход» кен орындағы жер асты кен-шахтасы. Нысан 2010 жылы іске қосылды. Кадрларға деген қажеттілік – 4 бір.
3. «КазИнРусс-трейдинг» ЖШС
- 131 жұмыс орны бар аз тонналық мұнай өңдеу зауытының құрылысы. Нысан 2016 жылы іске қосылды. Потребность в кадрах – 22 бір.
4. «Игданит» ЖШС
- Хромтау ауданында Аққұдық ауылында күйдірілген әк өндіру зауыты. Нысан 2015 жылы іске қосылды. 60 жұмыс орны құрылды. Кадрларға деген қажеттілік – 43 бір.
5. «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС
- 103 жұмыс орны бар Ақтөбе қаласындағы үй құрылыс комбинаты. Нысанды 2016 жылдың 2-ші жарты жылдығында іске қосу жоспарланған. Кадрларға деген қажеттілік – 103 бір.
2016-2018 жылдарға өнеркәсіп кәсіпорындарында кадрларға деген қажеттілік келесі мамандықтар бойынша анықталады:
1. "Электрмен жабдықтау" - біліктілігі: техник-электрик 6 адам:
- «Восход-Ориел» ЖШС-2 адам,
- «КазИнРусс-трейдинг» ЖШС - 2 адам,
- «Игданит» ЖШС - 2 адам,
2. "Машина жасау технологиясы" - біліктілігі: техник-технолог 55 адам:
- «АРБЗ» ЖШС - 33 адам,
- «КазИнРусс-трейдинг» ЖШС - 20 адам,
- «Игданит» ЖШС - 2 адам,
Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың "Білім-Ғылым-Өндіріс" кластерін құру және дамыту жөніндегі тапсырмасын және де шаралар жоспарын орындау мақсатында мамыр айында "Ақтөбе облысының Жас ғалымдар кеңесімен" өткізілген ЖОО, мектеп оқушыларына арналған Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік орындарына өндірістік тур өткізілді. Тур қатысушылары «Ұлан компаниясы» ЖШС, «ИСК Дастан» ЖШС, ПТ «Казтеплоэнергомонтаж», ЖШС «Коктас Актобе», ЖШС Ақтөбе металл өндіру зауыты, АФ ЖШС «Агран» ұйымдарының өндірістік процестерін орындалуын бақылай алды.
Осындай тектес экскурсиялық іс-шаралардың пайдалылығы болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда 20 жетекші облыс колледждерінде ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ, химиялық және тау-кен өндіру салалары бойынша кадрларды даярлайтын дуалды жүйе енгізілді.
56 кәсіпорын дуалды жүйесін енгізуге, кадрларды дайындауға мүмкіндік берді. 26 мамандық бойынша кадрларды даярлау жаңа схемасының 60% өндірістік тәжірибе бойынша жүргізіледі.
Дуалдық жүйенің жарқын үлгісі болып тау-кен өндіру өнеркәсібі мамандарын даярлайтын Хромтау тау-кен техникалық колледжімен Дон тау-байыту комбинаты «КазХром» АҚ филиалының ынтымақтастығы табылады.
Студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу мақсатында дуалды жүйе енгізу, қайта даярлау, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру, жұмысты одан әрі жетілдіру, оқу орындарының техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы және Ақтөбе облысының білім басқармасы арасында Келісім жасалды.
Сондай-ақ, кадрларды кәсіби даярлау сапасын, техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының беделін арттыру, кәсіптік білім беру жүйесінің кадрларын дайындау және насихаттау, республикадағы дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау мақсатында Ақтөбе облысында ("Үздік механизатор", "Үздік электргаздәнекерлеуші", "Үздік тас қалаушы" және т. б.) байқаулары өткізіледі.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әкімдігі, «Фирма Ада Ойл» ЖШС, АФК «Алтиес Петролеум Инт. Б.В.», «КМК Мунай» АҚ, «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС, «МНСК СИНОПЭК Казахстан» ЖШС,«Арман Курылыс» ЖШС компаниялары мен «Ақтөбе облысының Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын және жұмысшыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара түсінушілік және ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысының әкімдігі, «Атамекен» Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Коппер Текнолоджи» ЖШС, «Казгеоруд» ЖШС, «Восход-Oriel» ЖШС және «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ сияқты облыстың ірі кәсіпорындары арасында, 2016-2018 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті даму жөніндегі Серіктекстік бағдарламаларға қол қойылды.
Аталмыш Бағдарламаның қол қойылуы және оның болашақта жүзеге асырылуы ірі компаниялардың сатып алуларында жергілікті қамтудың үлесін көбейтуге, жаңа импортты алмастыратын өндірістерді құруға, шағын және орта бизнестің бар әлеуетін қолдануға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, және ең бастысы, шағын және орта бизнеске қазіргі қиын экономикалық жағдайдан өтуге мүмкіндік береді.
Бұл ақпарат - industria.aktobe.gov.kz. сайтында орналасқан