"Экспортер 2020" бағдарламасы

«Экспортер 2020» Бағдарламасы – экспортқа бағытталған және жұмыс істеп тұрған экономиканың шикізатты емес секторындағы экпорттаушы-кәсіпорындарларына кешенді қолдау көрсету жүйесі.
Бағдарлама аясында экспорттаушыларға сервистік және қаржылай қолдау көрсетілу жүзеге асырылады.
Бағдарламаның жүзеге асырылып келген 5 жыл ішінде, 14 елде 31 сауда миссиясы; отандық бизнестің 130 тауардық белгісінің шетелдерде жарнамалық-тұсаукесерлік шаралары ұымдастырылды (1800 ш.м. көрме алаңын жалға алу ақысы шығындары өтелді); 60-тан астам отандық кәсіпорындардың қатысуымен 14 Ұлттық көрме ұйымдастырылды. Жыл сайын қазақстандық өндірушілер және олардың шығаратын өнімдері туралы ақпаратты ұсынатын «Экспортная продукция Казахстана» атты анықтамалығы басып шығарылады. (анықтамалықтың орысша және ағылшынша жалпы таралымы – 12500 қағаз нұсқада, 14500 электрондық нұсқада).
Гуманитарлық көмек аясында Қазақстанның өнімдерді жеткізушілер қатарына біріктіру өткізілуде. ҚР экспортерлары мен шетелдік сатып алушыларға арналған «expert.gov.kz» ұлттық интерактивті ақпараттық интернет-ресурсінің (ҰИАИР) жүйесі жұмыс жасауда.
Қазақстандық өндірушілердің экспорттық потенциалын дамыту мақсатында еліміздің аймақтарындағы 100 отандық кәсіпорындардың 200 маманы үшін эскпортты жылжыту сұрағы бойынша тренингтер өткізілді; ағымдағы жылдан бастап қазақстандық кәсіпорындар үшін шетелдегі жетекші экспорттық өндірушелрдің ең нәтижелі халықаралық тәжірибелерінен үйрену мақсатында оқыту турлары ұйымдастырылады; тұрақты түрде экспорттаушыларға көмек ретінде арнайы әдебиет басып шығарылады; 45 ел бойынша «Путеводитель экспорта» анықтамалығының 6 басылымы жарияланды; экспорттық қызметке қатысты 35 тақырып бойынша «Инструктивные материалы в помощь экспортерам» жарық көрді. Қазақстанның экспорттық орауыш индустриясын дамыту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттің тікелей жәрдемімен КО, ТМД, ЕО, Азия елдеріне машина жасаушы, химия, металлургия,, азық-түлік және ауыл шаруашылық тауарлары, жеңіл өнеркәсіп салаларының өндірілген өнімдерін жеткізуге 1,3 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық келісім-шарттарға қол қойылды.
Сонымен қатар, экспорттаушылар өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға жұмсалған шығындарының 50% өтеу жөніндегі қаржылық көмек жүзеге асырылуда. Кәсіпорындардың тауарлық белгілер мен өнімді сертификаттауға, шетелде өкілдігінің ұстауға, шетелдік көрмелерге қатысуға, отандық өнімді жарнамалауға, кәсіпорын қызметкерлерін оқытуға, франшизаны тартуға, веб-сайтты құруға және жұмысқа қосуға, шетелдік нарықтың маркетингтік зерттеуіне кеткен шығындары қайтарылуда. Бүгінгі күнге 143 экспорттаушылардың жалпы сомасы 713,0 млн. теңгеден астам шығындары өтелді.
Жариялау бойынша байланыс: PR-менеджер "KAZNEX INVEST"
Анара Шукурова +7(7172) 919040, ішкі. 1022, ұялы +7702 651 22 29