"Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурсының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №194 Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы» Жарлығына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың шығаратын отандық өнімдерінің сапасын көтеру мақсатында, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеқабілетті өнімдермен қамтамасыз ету үшін және тұрғындар арасында сапа идеясын насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы ғимаратының алаңында «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ бірлесіп, «Қазақстанның үздік тауары 2015» өңірлік көрме-конкурсы өтті.
Ақтөбе Қазақстан бойынша бірінші болып «Қазақстанның үздік тауары 2015» өткізді. Шараға облыстың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының басшылары, жерқойнауын пайдаланушылар, бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері, кәсіпкерлер, әлеуетті тапсырыс берушілер, БҚҰ өкілдері қатысты. Соның ішінде «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС, «Вибро Мастер Казахстан» ЖШС, «Курылыс – Новый век» ЖШС, «НПК ХимАктобе» ЖШС, «Экотон Батыс» ЖШС, «Центр БВР» ЖШС, «Актюбинский завод противопожарного оборудование» ЖШС, «Сапалы – Ц» ЖШС, «Арт Трейд LTD» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, «Молочные истории А» ЖШС, «Айс-плюс» ЖШС, «СанТехТрейд Актобе» ЖШС, «Тенуса» ЖШС, «Ситал-2» ЖШС, «Светоком» ЖШС, «Композит –Арматура Актобе» ЖШС, «Izet Greenhouse» ЖШС, «Джармухамбетов А» ЖК, «Казиев Х.Т.» ЖК, ИП «DUKSAR».
Сонымен қатар, көрме-конкурсы шеңберінде кәсіпорындардың технологиялық міндеттерін анықтау мақсатында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның өкілдерімен технологиялық ынтымақтастық және технологиялар трансферті бойынша семинар өткізілді, алдын ала гранттарға сұраныс, трансферттер мен мақсатты технологиялық бағдарламаларға өтінімдер жиналды.
Сараптамалық топ экспозицияны қарап және келесі үш номинация бойынша дипломанттарды анықтады:
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» атауы бойынша:
I –деңгей - «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ
II – деңгей - «Актюбинский завод противопожарного оборудование» ЖШС
III – деңгей - «Центр БВР» ЖШС
«Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
I –деңгей - «Курылыс – Новый век» ЖШС
II – деңгей - «Светаком» ЖШС
III – деңгей - «Арт Трейд LTD» ЖШС
«Үздік азық-түлік тауарлары».
I –деңгей - «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС
II – деңгей - «Молочные истории А» ЖШС
III – деңгей - «Айс-плюс» ЖШС
Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурасына қатысу мүмкіндігіне ие болады.