2013 жылғы көрсеткіштер

Ақтөбе облысының 2013 жылдағы қазақстандық қамтуды дамыту бойынша ақпараты
ҚР Үкіметінің 30.05.2013ж. №554 қаулысына сәйкес мониторингілеуге жататын облыстың кейбір кәсіпорындарымен жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы байқалуда: қазақстандық қамту тауарларды сатып алуда – 45,8% (жоспар 15%), жұмыстарды - 100,0%, қызметтерді - 96,4% (жоспар 70,0%).
Ақтөбе облысының әкімдігі қазақстандық қамтуды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Келесі шаралар өктізіліді:
- «Қазақстанда жасалғанды таңдаймын» көрмесі (50-ден астам кәсіпорын қатысты). Көрме аясында жер қойнауын пайдаланушы-кәсіпорындардың, «НұрОтан» ХДП АФ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді;
- Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің төрағалығымен ірі компаниялардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі бойынша жиналыс өткізілді;
- ҚР МГМ «Мұнай және газ ақпараттық-аналитикалық орталығы» АҚ «Контрактное агентство» Филиалы өткізген тауарлар өндіруші, жұмыстар және қызметтер көрсетушілерге арналған семинар-тренинг;
- «СТ-КZ» сертификатын алу мәселесі бойынша өткізілген жиналысы;
- ҚР МГМ, ҚР ИЖТМ «NADLOC» өткізген қазақстандық қамтуды дамыту бөлігіндегі мемлекеттік саясатын түсіндіру жөніндегі оқыту семинарлары.
- «NADLOC» АҚ ұйымдастырған жосықсыз бәсекеден қорғау, мемлекеттік қолдау көрсету құралдарын түсіндіру, проблемалық мәселелерін талқылау тақырыптарындағы «Made in Kazakhstan» атты сұхбат алаңдарына қатысуы.
- облыстың жер қойнауын пайдаланушы және сервистік компанияларының «Самұрық Қазына» ҰӘАҚ» АҚ және «Самұрық Қазына-Контракт» ЖШС-мен бірігіп ҚР ИЖТМ-нің қолдауымен өткізілген «Қазақстандыкін сатып ал» сұхбат алаңында қатысуы;
- ҚР Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтің қатысуымен ірі өндіруші компаниялар арасында өткен бір бірімен байланысты өндірістер, жұмыстар және қызметтерді дамыту мәселесі бойынша жиналыста қатысуы .
Облыс бизнесмендері өткізілген форумдарға, бизнес-кездесулерге қатысып, жоғары технологиялар саласындағы кәсіпорындардың қызметімен танысуға, Ресей Федерациясына сауда-экономикалық миссиялардың аясында, тұтынушылар нарығына өз өнімдерін жеткізу туралы келісімдерге қол қоюға мүмкіндіктерге ие болды.