2012 жылғы көрсеткіштер

2012 жылы Ақтөбе облысындағы қазақстандық қамтудың дамуы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.07.2011 жылғы №745 бекітілген қаулысына сәйкес кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тауар сатып алудағы, ұйымдардағы жұмыс пен қызметтегі жергілікті қамтудың үлесіне талдау жасайды.
2012 жылғы орындалған келісім-шарт бойынша («Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, «Ақтөбе металл конструкциясы зауыты» ЖШС, «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС, «Айс» ЖШС) сатып алынған тауар, жұмыс және қызмет 26,3 млрд. теңге, соның ішінде қазақстандық өндірушілерден 7,0 млрд. теңге немесе қазақстандық қамтудың үлесі 26,7 % құрады. Сатып алынған тауарлардың көлемінде қазақстандық қамтудың үлесі 15,6 %, жұмыс пен қызмет 72,8 % құрады. Ақтөбе облысы территориясын дамыту Бағдарламасы бойынша мақсатты көрсеткіштерді орындау қамтылды.
ҚР 2010-2014 жылдары қазақстандық қамтуды дамыту Бағдарламасы бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жетпеуі келесідей шартты объективті факторлардан:
1. Елімізде металлургиялық өндірістің жоқтығы байланысты «АЗНО» АҚ мен «АЗМ» ЖШС сатып алатын сортты прокат, пісіретін сымдар және т.б. Қазақстаннан тыс жерде өндіріледі және әрдайым тұрақты мәнге ие.
2. ҚР металл өнімдеріне ұқсас өнімдердің жоқтығы «АХҚЗ» АҚ сатып алатын натрии гипохлориті, күкірт қышқылы, кальцийленген содалар, ҚР тыс жерде өндіріледі және тұрақты мәнге ие. Бұдан басқа, «АХҚЗ» АҚ іс жүзінде 100 % хром тұздарымен экспортты қамсыздандыратын экспортқа бағдарланған кәсіпорын болып табылады.
Осыған байланысты темір жол тасымалына кететін шығынды төлеу, күзет және жүкті алып жүру шетелдік қызмет көрсетушілермен жасалады және тұрақты мәнге ие.
Ірі жобаларды жүзеге асыруда өнімдерді жеткізіп беруде ШОБ кәсіпорындарының қатысуы қарқындады. Мысалы, «Ақтөбе металл конструкциясы зауыты» ЖШС «ҚазақойлАқтөбе» ЖШС нысанына тұрба эстакадтары құрылысы үшін және «Қазхром «ТҰК» АҚ (№4 цех) жаңа ферроқорытпа зауытына металл конструкцияларды жеткізіп беруді жүзеге асырды.
«Ақтөбе металл конструкциясы зауыты» ЖШС мен «Қазхром «ТҰК» АҚ арасында шахта металлокрептерін дайындауда ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойылды.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау деңгейін арттыру және олардың презентациялық көрме іс-шараларына қатысуы мақсатында жоспарлы жұмыстар жалғасын тапты:
- Наурызда ҚР МГМ облыстың сервистік және тауар өндіруші компанияларымен on-line режимінде өткізілген «Мұнай мен газ: Қазақстандық қамту - 2012» мұнай-газ компанияларының Форумы;
- ҚР Мұнай және газ министрлігі «Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы» АҚ-ның «Контрактное агентство» филиалымен маусым мен қарашада, жер қойнауын пайдаланушылармен жиын, жұмыс және қызмет, тауар өндірушілер тренинг-семинары өткізілді;
- Шілдеде «НАРМС» АҚ қазақстандық қамтуды дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік қолдау мен заң актілері шамасын түсіндіруде семинар ұйымдастырды;
- Қазанда Атырау қаласында ҚР ИЖТМ «НАРМС» АҚ, Шелл Қазақстан, Би Ди Қазақстан компаниясы, инвестиция және сауда Департаментінің ұйымдастыруымен Үшінші Қазақ-Британ форумы өтті.
Ақтөбе облысы сауда-экономикалық миссиясы шеңберінде жергілікті тауар өндірушілер Әзірбайжан Республикасы Баку қаласында біріккен бизнес-форумына қатысты. Татарстан Республикасы Қазан қаласында Ақтөбе облысы сауда-өнеркәсіп палатасы мен Татарстан Республикасы арасында Меморандумға қол қойылды.
Жергілікті атқарушы органдар аймақта қазақстандық қамтуды дамыту процесіне қатысушылардың барлығымен белсенді өзара әрекеттестікке.
Жұмыс осымен жалғасын табады.