Есеп МБ "Экспортер 2020"

2010-2015 жылдардағы «KAZNEX INVEST» АҚ Ақтөбе облысының отандық экспорттаушыларына көрсетіп жатқан сервистік және қаржылай қолдауының нәтижелері бойынша
Ақпарат
Экспорттаушыларға қолдау көрсету Бағңдарламасының аясында Ақтөбе облысының 46 компаниясымен экспортты жылжыту бойынша жұмыс жүргізілуде:
1) Облыстың 4 кәсіпорнының қатысуымен шетелде сауда миссиялары ұйымдастырылып өткізілді.
Шетелдерде сауда миссияларын өткізудің мақсаты – қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік потенциалды импорттаушылар (нақты елдер бойынша) арасындағы тікелей байланысты нығайтуға қолдау көрсету, қазақстандық өнімнің экспортталуына байланысты проблемалық сұрақтарды шешу.
- «Ақтөбе нан өнімдерінің зауыты» ЖШС (2010 ж., Түркменістан);
- «Актюбрентген» АҚ (2010 ж., Тәжікстан; 2010 ж., Ресей; 2010 ж., Иран; 2011 г., Ресей; 2013 ж., Қырғызстан; 2013 ж., Украина);
- «Ақтөбе мұнай жабдықтарының зауыты» АҚ (2011 ж., Әзірбайжан; 2011 ж., Румыния);
- «Актобе Glass» ЖШС (2012 ж., Қырғызстан).
2) Ақтөбе облысының 5 өндіруші компаниясының өнімін өткізу бойынша жарнамалақ-тұсаукесерлік шаралар өткізілді.
Қазақстандық өнімдердің қасиеттері, айқын ерекшеліктері, тұтынымдық және техникалық сипаттамалары туралы ақпараттандыру арқылы потенциалды шетелдік сатып алушыларға өңделген тауарлардың ұжымдық (салалық) және бөлек тауардық белгілердің (брендтардың) тұсаукесерлік шаралары өткізілуде. Отандық кәсіпорындар және шетелдік трейдерлік желілер, көтерме-сатып алу орталықтары арасындағы қазақстандық тауарларды сатып алу сұрақтары бойынша екіжақты келіссөздер ұйымдастыру.
- Актюбрентген» АҚ «BULMEDICA/BULDENTAL 2011» халықаралық көрме аясында (2011 ж., Болгария, София қ.), (2011ж., Өзбекістан, Ташкент қ.);
- «SBS-Group» ЖШС (2011 г., Өзбекістан, Ташкент қ.);
- «Казэлектромонтаж» ЖШС (2013 ж., Ауғанстан, Кабул қ.);
- «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» (2014 ж., Ресей, Челябинск қ.);
- «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС («АРАЗ») (2014 ж., Ресей, Мәскеу қ.).
3) Облыстың 32 кәсіпорны үшін «Сатушылар мен сатып алушылар» Кездесулер ұйымдастырылды.
«Сатушылар мен сатып алушылар» жыл сайынғы кездесулері нақты қазақстандық өнімге деген сұраныстың, сатушылар мен сатып алушыларды (matchmaking) іріктеуін зерттелуінің негізінде жүзеге асырылады.
- «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ;
- «Ақтөбе мұнай жабдықтар зауыты» АҚ;
- «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ;
- «Актюбрентген» АҚ;
- «Көктас-Ақтөбе»
- «Актобестройиндустрия» АҚ
- «Завод «Март» ЖШС
- «Кадияр Сауда үйі» Лакбояуыш зауыты
- «Спецодежда-Сириус» ӨБ
- «Maximus» (Максимус) ЖШС
- «АктобеИнвестком» ЖШС
- «Ақтөбе кондитер фабрикасы» ЖШС
- «Ақтөбе жиһаз компаниясы» ЖШС
- «Алғабас» ЖШС
- «Геом» ЖШС
- «Жанатас продактс» ЖШС
- «Завод ЖБИ-25» ЖШС
- «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС
- «Рамазан» ЖШС
- «Стройдеталь» ЖШС
- «Тағам» ЖШС
- «Germessupplyservices» ЖШС
- «Ақтөбе металл құрылымы зауыты» ЖШС
- «Карат ЛТД» ЖШС
- «Мартөк сүт» ЖШС
- «Метком» ЖШС
- «Монтаж КВ» ЖШС
- «Спарта» ЖШС
- «Фармация» ЖШС
- «ЭкотонБатыс» ЖШС
- «SBS-Group» ЖШС
- «Степное» ЖШС.
4) Ақтөбе облысының 5 компаниясы үшін экспорттық бағыттары белгіленді:
- «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ (Душанбе қ.,Тәжікстан)
- «Актюбрентген» АҚ (Киев қ., Украина)
- «Maximus» (Максимус) ЖШС (Челябинск қ,, Ресей)
- "Ақтөбе жеңіл металл бұйымдары зауыты" ЖШС (АЖМБЗ) (Самара қ., Ресей)
- "Базальт-А" ЖШС (Оренбург қ., Ресей)
5) 2010-2014 жылдардағы қазақстандық компанияларға қаржылық қолдау көрсетудің аясында Ақтөбе облысының 3 кәсіпорнына 2,4 млн. теңге сомасын құрайтын шығындары өтелді:
- «АМЕҚЗ» ЖШС (АЗНТ)
- «C.T.K.company» ЖШС
- «Рахат-Ақтөбе» ЖШС.
Ақтөбе облысының өңделген тауарларының экспорты 20104 жылы 1,6 млрд. АҚШ долларын құрады. KAZNEX INVEST көмегімен 2010-2014 жылдары аралығында Ақтөбе облысының өндірістік кәсіпорындары 4,1 млн. АҚШ долларына экспорттық келісім-шарттар жасасты («Актюбрентген» АҚ, «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ, «Aktobe Glass» ЖШС). Облыстың 38 кәсіпорны туралы толық ақпарат әлемнің 35 еліне таралатын «Экспортная продукция Казахстана 2014» Анықтамалығында көрсетілген.
Аймақтың экспорттық әлеуетін жоғарлату мақсатында, KAZNEX INVEST ақтөбелік кәсіпорындарға құрылған сауда миссияларының кестесі, 2015 жылғы салалық халықаралық көрмелер күнтізбесі және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті. Экспорттаушыларға экспорттық, алдын ала экспорттық қаржыландыруға және лизинг үшін мемлекеттік бюджеттен 35 млрд. теңге бөлінеді.