Ереже

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы «20» 06 № 275
қаулысына қосымша
«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.Осы «Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
2.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары және өкілдіктері жоқ.
3.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарапы болуға құқығы бар..
7.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010 Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй..
10.Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11.Осы Ереже «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. .......................................
13.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы «Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Егер «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергіліктік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері
14.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыстың индустриалды, оның ішінде өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, инновациялық даму, инвестициялық саласындағы және қазақстандық қамтуды арттыру жұмыстары бойынша мемлекеттік саясатты жүргізуге жәрдем көрсету және өндіру болып табылады.
15.Міндеттері:
1)облыстағы индустриялық-инновациялық даму, инвестициялық қызмет саласын және қазақстандық қамту бағыттарын жүзеге асыруға қатысып, стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырады;
2)облыстағы индустриялық-инновациялық дамудың, инвестициялық қызметтің және қазақстандық қамту бойынша жұмыстар жағдайына талдау жасайды;
3)облыстың өнеркәсіп саласындағы ғылыми техникалық және технологиялық дамуының негізгі бағыттарын, инвестициялық саясатын қалыптастыруға қатысады және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;...
4)облыс аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін аймаққа тікелей инвестицияларды, отандық және шетелдік әулетті инвесторларды белсенді тартады, аймаққа инвестицияның тікелей құйылуын кеңейту үшін қолайлы инвестициялық жағдай туғызады, инвесторларға ықпал етеді;
5)облыстың экспорттық-импорттық әлуетін тиімді пайдалануға, аймақтық тауар өндірушілердің өнімдерін шетке шығару географиясын және өткізу нарығын кеңейтуге ықпал етеді;
6) облыстың экспорттық-импорттық әлуетін дамуының мониторингін жандандыру;... .....................
7)жер қойнауын пайдаланушылар және ірі (жүйе қалыптастырушы) кәсіпорындардағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі қазақстандық (жергілікті) қамтудың үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді;
8)табиғатты пайдалануды реттеу және жер қойнауын пайдалану салаларында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
9)жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi қатынастарды реттеу;
10)жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде құқықтық негiздi қамтамасыз етуге ықпал ету;
11)жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
16.Функциялары: 1)облыстың индустриялық-инновациялық даму, инвестициялық қызмет саласында және қазақстандық (жергілікті) қамтудың үлесін арттыру жұмыстары бойынша бағдарламалық құжаттарды үйлестіру, әзірлеу және орындауды жүзеге асырады; ........ .2)облыстың индустриялық – инвестициялық даму, инвестициялық қызмет және қазақстандық (жергілікті) қамтуды арттыру бойынша жұмыс салаларын талдау, болжау және мониторинг жүргізеді, индустриялық-инновациялық даму, инвестициялық қызметтері бойынша заңнамалық және нормативтік актілер жобасына ұсыныстар дайындауға және индустриялық-инновациялық бағдарламалар дайындауға қатысады және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша, экспортқа бағытталған өндіріс құру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
3)облыстың индустриялық-инновациялық даму, инвестициялық қызметтерін және қазақстандық қамтуды арттыруды жалпы стратегия бойынша жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметтерін үйлестіруді құзырет шеңберінде жүзеге асырады;
4)өнеркәсіп, қазақстандық қамтуды арттырудың салалары, инвестициялық қызметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда басылуын ұйымдастырады;
5)өнеркәсіп, қазақстандық қамту және инвестициялық қызмет сұрақтары бойынша форумдар, көрмелер, тұсаукесерлер, кеңестер және семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыруға қатысады, сонымен қатар облыста, Қазақстан Республикасында және шетелдерде өткізілу бойынша ұсыныстар енгізеді; 6)өнеркәсіп өндірісінің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді, бәсекеге қабілетті және жоғарғы технологиялық экспортқа бағытталған өндірістерді құруға ықпал етеді;
7)өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары бойынша өндіріс өнімдеріне мониторинг жүргізеді;. .................................................................................. 8)басымды инвестициялық жобалардың іріктеуін, сараптамасын жүргізеді, басымды жобалық институттармен бірігіп техникалық-экономикалық негіздеме дайындайды, тиімді капитал салу үшін инвесторларға аса тиімді жобаларды іріктеуде көмек көрсетеді; ..........
9)инвестициялық жобалардың төлқұжаттарын рәсімдеу мен инвестицияны тартуды қажет ететін жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың тізімін жүргізеді, әр түрлі қаражат көздерінен тартылған қаржы ресурстарына мониторинг және есеп жүргізеді, қарыздық ресурстардың есебінен болған инвестициялық жобалардың жүзеге асыруына мониторинг жүргізеді;
10) өнеркәсіп және негізгі капиталға салынған инвестицияларды болжау әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізеді;
11) инвестициялар тарту мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз етеді, облыстың инвестициялық имиджін арттыру және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырады;
12) инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша инвестициялар тарту жөніндегі жоспарын әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады;
13) қарыздар мен гранттар есебінен инвестициялар тарту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасады, қол жеткізілген келісімдерінің шарттарын орындалуын мониторингін жүзеге асырады;
14) облыстың сыртқы сауда әлеуметтік экономикалық көрсеткіш дамыту бойынша импорттық - экспорттық әлеуетін мониторинг жүргізеді;
15) елдің облыстар, қалалар арасындағы өңіраралық байланыстарын нығайтуға және дамуына ықпал етеді;.....
16)«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін облыс аумағында жұмыс жасайтын біріккен және шетелдік инвестор-компаниялармен өзара тығыз байланыста болады;
17)ұлттық заңнамалар мен халықаралық келісім шарт ережесін сақтай отырып, өздерінің құзыреті шегінде, мемлекеттік органдар басқармаларымен, аймақтармен, әр түрлі шаруашылық субъектілерімен шарттар мен келісімдер жобаларын дайындайды;.... ..................................................................... 18)жергілікті, отандық және шетелдік тауарөндірушілер – сыртқы экономикалық қызметтерге қатынасушылардың деректер жинақтамасын жасайды және жүргізеді, біріккен кәсіпорындар құруға ықпал етеді;
19)жер қойнауын пайдаланушылар және ірі (жүйе қалыптастырушы) кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі қазақстандық (жергілікті) қамтудың үлесін арттыру бойынша мониторинг жүргізеді;
20)өкімдік ету құқығынсыз «Ақтөбе облысының мемлекеттік-жеке әріптестігінің өңірлік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін иемденеді және пайдаланады;
21)техникалық регламенттерді, стандарттарды, соның ішінде кәсіпорындарға және ұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне таратылатын стандарттарды ендіру және олардың жүзеге асырылуы жөніндегі Ақтөбе облысының Өңірлік жоспары бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдарға есеп беруді Техникалық реттеу және метрология комитеті Ақтөбе облысы бойынша Департаменті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК қамтамасыз етеді;
22)Ақтөбе облысының өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлерінің бағасын көрсетумен ақпарат дайындайды;
23)облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының паспорттарын әзірлеу үшін ақпарат жинағын жүргізеді;
24)облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімдері көлемін шығару және іске асыру бойынша жинақ, талдау және бағалау жүргізеді;
25)2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі Кешенді жоспары бойынша жоғары тұрған органдарға есеп беруді қамтамасыз етеді;
26)өңірлік индустриялық потенциалдың экономикалық талдауын жүргізеді;
27)жаңадан ашылған жоғары тиімді және экспортқа бағытталған өндірістерде жоба қуаттылығын игеру ге ықпал ететін шараларды жүзеге асырады;
28)Индустрияландыру картасына немесе кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады;
29)Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдар аралығында индустриялық-инновациялық даму аясында жобалардың іске асырылу барысын мониторинг жүргізу бойынша бақылауды және Өңірлік Үйлестіру Кеңесін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
30)бірлескен қазақстан-қытай өндірістік қуаттарды Қытай Халық Республикасыдан Қазақстан Республикасына көшіру бойынша бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
31)облыс бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлеміне мониторингті және талдауды, жинауды жүзеге асырады;
32)"Ақтөбе"индустриялық аймағына енгізілген инвестициялық жобаларға мониторингті жүзеге асырады;
33)сенімгерлік басқаруға берілген АҚ «ҰК» «ӘКК Ақтөбе» әкімшілік-тұрмыстық ғимарат және индустриялық аймақты пайдалану бойынша бақылау жұмыстарды жүргізеді;
34)өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын, археологиялық ескерткіштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
35)келісім–шарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік– экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуымен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу;
36)аумақтарды әлеуметтік даму бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
37)құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесінің жобасын әзірлеу;
38)кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындау және ұйымдастыру;
39)кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіру жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамының жобасын әзірлеу;
40)жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізу және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындау;
41)техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу;
42)жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
43)елді - мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
44)кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу, тіркеу және сақтау;
45)заңнамаларға сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу;
46)жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;
47)кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарттың орындалуын және қолданылуының тоқтатылуын қамтамасыз ету;
48)жер қойнауын пайдаланушымен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи – мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдесу;
49)кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау;
50)кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісім шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг және бақылауды жүзеге асыру;
51)кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер өткізу бойынша жұмыс тобының ережесі мен оның құрамын бекіту, сонымен қатар техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу;
52) болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру»;
53) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай – ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналыстыруға рұқсат беру;
54) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу;
55) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
56) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасау;
57) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензияда және осы Кодексте көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылау жасау;
58) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;
59) өздері берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
60) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру арқылы қатысады;
61) бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша орындалуын қамтамасыз етудің көлемін айқындау;
62) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша кен іздеушілікке арналған аумақты айқындау.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1)"Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар) әкімдіктер жұмысын үйлестіру;
2)Заңмен, басқа да нормативтік актілермен белгіленген тәртіп бойынша облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан және басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде қажетті материалдарды сұратып алуға және тиісінше хат жазысуға;...
3)«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшыларды, басқа атқарушы органдардан мамандарды тартуға;
4)басқа облыстардың, орталық атқару органдарының және шет елдердің тиісті құрылымдарымен жұмыс тәжірибесі мен ақпарат алмасуда іскерлік байланысты реттеу мақсатында өзара іс-қимыл жасауға;
5)гендерлік және отбасы демографиялық саясатты іске асыруға қатысуға;
6)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акциялар жинақтарына иелік ету, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылықты қолдану бойынша құзыреттерді іске асыру және басқару, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды мемлекеттік басқару органы болуға;
7)заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша келiсiм-шарт жасасу;
8)өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан, Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
3. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру
18.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады....
19.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады..
20.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады........................................... ......
21. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1)орынбасарлардың, бөлім басшылары мен басқа да жауапты қызметкерлердің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
2)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
3)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді және марапаттайды;
4)қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық органдар мен ұйымдарда «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді;
5)«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі еңбекке ақы төлеу қорының шегінде қызметкерлерінің кұрылымын, штаттық кестесін және бөлімдерінің Ережелерін (функционалдық міндеттерін) бекітеді;
6)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын өз өкілеттіліктері шегінде қамтамасыз етеді;
7)сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды орындау үшін дербес жауапты болады;
«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.. .......
24.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26.«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.