Отандық тауарөндірушілерді қолдау

Ақтөбе қаласында а.ж. 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б. Сағынтаевтың төрағалығымен жергілікті қамтуды дамыту және отандық тауарөндірушілерді қолдау мәселесі бойынша отырысы өтті.
Отырыс барысында тауар және қызметті отандық өндірушілерді қолдау мәселелер талқыланды. «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ жергілікті қамтуды дамыту шеңберінде отандық тауарөндірушілерді қолдау бойынша және соның ішінде «HILL Corporation» ЖШС мен ұзақмерзімді келісім шарт жасасу сұрағы бойынша жұмысты күшейту туралы тапсырыс берілді.
Отырыстың қортындысы бойынша Ақтөбе қаласы әкімдігі мен ұлттық компаниялар және облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындар арасында жергілікті қамтуды қамтамасыз ету бойынша сомасы 44,6 млрд. теңгеге 7 меморандумдарға қол қойылды. Қол қойылғандардың арасында: «Еуразиялық тобы» ЖШС, «Казмұнайгаз» АҚ, «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «Казақтелеком» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Восход Ориел» ЖШС.
Сонымен қатар, жұмысшылардың еңбек ақысын және жұмыс орнындарын қысқартуына жол бермеу және сонымен қатар жұмыс берушілердің еңбек заңын бақылаужұмыстарын белсеңдету бағытарында облыстағы әлеуметтікті дамытуға 7 меморандумға қол қойылды. Қол қойылғандардың ішінде: «Казхром» ТҰК» АҚ, «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ, «Казақойл Ақтөбе»ЖШС, «АХҚЗ» АҚ, «Трансэнерго» АҚ , «Восход-Oriel» ЖШС, ККБК «Великая стена» ЖШС бұларда 0441жалпы алғанда 23 мың адам жұмыс жасайды.