Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы шеңберінде Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысынан жалпы құны 691,1 млрд.теңгеге 11,8 мыңға жуық жұмыс орындарының ашылуымен 83 жоба енгізілді.
Оның ішінде жалпы құны 547,4 млрд.теңгеге 74 жоба іске қосылып, 6,6 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.
Сонымен қатар, 2014 жылы жалпы құны 220,5 млрд.теңгеге және 1,4 мың жаңа жұмыс орындарының ашылуымен 7 жоба іске қосылды.
2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында жаңа өндірістік технологияларды пайдалану арқылы жоғары өнімділігі бар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жалғасатын болады.