Жаңалықтар

04.08.2016
Семинар тренинг каз 03.08.16

3 тамыз күні Ақтөбе облысының әкімдігі «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» Акционерлік қоғамымен ҚР инвестиция және даму Министрлігінің қолдауы бойынша «Инновация түрлері. Негізгі бағыттары. Инновацияларды қолдау құрылымы- Инновациялық гранттар. Грант түрлері» атты коучинг-семинар өткізілді. Жас Ғалымдар Кеңес Мүшелері талқылауға түсіп, семинар соңында сертификаттар табысталды.
04.08.2016
«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық басқармасы» ММ басшысының тағайындалуы.

Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Шериязданов А.Т. 2016 жылғы 1 тамыздағы өкімі бойынша Уахитов Салауат Дауітұлы «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.
03.08.2016
Ағымдағы жылдың 1 тамызында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кеңсесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зертхана меңгерушісімен дөңгелек үстел өткізілді.

Ақтөбе облысының әкімдігі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы меморандумын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 тамызында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кеңсесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зертхана меңгерушісі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Дробышев Андрей Степановичтің «Қазақстанның мұнай-газ саласының қажеттіліктері үшін барлау газ қоспаларын өндіру орталығын құру және құрылымын жасау» жобасын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.
01.08.2016
19 шілде күні R&IID Халықаралық инновациялық – өндірістік консорциумының техникалық ұсыныстарын қарау бойынша отырыс өткізілді.

Білім беру және өндіріс арасындағы ынтымақтастықты құру жөніндегі жұмыс шеңберінде, ағымдағы жылдың 19 шілде күні R&IID Халықаралық инновациялық – өндірістік консорциумының техникалық ұсыныстарын қарау бойынша отырыс өткізілді.
Аталған отырыста индустриялық – инновациялық даму басқармасы және Ақтөбе облысының экология департаменті басшылары, әль – Фараби атындағы ҚазҰУ ректор кеңесшісі А. Ни және «Казхром» ТҰК» АҚ, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Ақ Бұлақ» АҚ, «Ақтөбе бейметалл құбырлар зауыты» АҚ кәсіпорындар өкілдері қатысты.
29.07.2016
Облыс әкімінің орынбасары Г.Н.Есқалиевпен Kazakhstan Potash Corporation компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.

2016 жылғы 27 щілдеде Ақтөбе қаласында облыс әкімінің орынбасары Ғали Нәжімеденұлы Есқалиевтің Kazakhstan Potash Corporation компаниясының атқарушы директоры ВЕЙ Цзя Фумен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар арасында калий тыңайтқыштары өндіріс жобасының жүзеге асырылуы мәселесі талқыланды. Kazakhstan Potash Corporation аталмыш жобаның инвесторы болып табылады. Жобаның құны-595,2 млн. АҚШ долл., құрылатын жұмыс орын саны -1 100 адам.
14.07.2016
Қазақстан Республикасын Тәуәлсіздігіне 25 жыл!

30.05.2016
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ өкілдері қатысуымен «Өнімділік - 2020» бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау шараларын алу механизмдерін түсіндіру бойынша семинар-жиналыс өтті.

Ағымдағы жылдың 27 мамырында Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының ықпал етуімен «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ («ҚИДИ» АҚ ) өкілдері қатысуымен семинар-жиналыс өткізілді.
20.05.2016
«MINTECH-АҚТӨБЕМҰНАЙХИМ-2016»: халықаралық көрме қанат жайды

«MinTech-АқтөбеМұнайХим-2016» тау-кен ісі, металлургия, энергетика және мұнай химиясы жөніндегі халықаралық көрме кеше Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт сарайында көпшілікке есігін ашты. Бұл көрме облыс әкімдігінің, жергілікті кәсіпкерлер одағының, сондай-ақ аймақтағы ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорын — «Қазхром» ТҰК» АҚ қолдауымен өтуде. Сонымен бірге, ұйымдастырушы әріптестер қатарында «Орталық Азия тау-кен өнеркәсіп одағы», «Глобал-Арнайы киім» компаниялары да бар.
04.05.2016
Ақтөбе қаласындағы Қызылорда күндері.

12.04.2016
Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы

Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың төрағалығымен индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
12.04.2016
Жаңа инвестициялық жоба

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Greenquest Solutions» британ компаниясы арасында «Ақтөбе облысында қуаттылығы 200 МВт болатын күн электрстанциясының құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
12.04.2016
Кеден одағы техникалық регламенттері жобаларын талқылау бойынша Ақтөбе Өңірлік штаб отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде облыстық әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевтің төрағалығымен штаб мүшелері және облыс кәсіпорындарымен Кеден одағы техникалық регламенттері жобаларын талқылау бойынша Ақтөбе Өңірлік штаб отырысы өтті.
02.12.2015
Баспасөз парағы

2015 жылғы 27 қарашада Экономикалық ынтымақтастықтың Жаңа Жібек жолы атты «AKTOBE INVEST 2015» Халықаралық инвестициялық форумы өтті.
02.11.2015
Almaty Tech Garden Дербес кластерлік қоры қараша айында Startup Day-ге өтінімдерді қабылдаудың жаңа ағынын бастайды.Тақырыбы: «Болашақ энергиясы – Road to EXPO»

30 қазанда Startup Day тұрақты іс-шарасына қатысу бойынша жобалардан өтінімдерді іріктеу басталды. Осы сапар іс-шараның өзекті тақырыбы ретінде күтіліп отырған ең маңызды уақиға «ЭКСПО-2017» қарсаңында энергетикадағы инновациялар тақырыбы таңдалып алынды.

Беттер