Жаңалықтар

05.12.2017
Ақтөбе облысы мен Қытай арасында төрт меморандумға қол қойылды

Құжаттар Ақтөбе облысында мұнайгаз саласы үшін химиялық өнімдер өндіретін (Шаньдундағы «Цихай» мұнай инженерлік компаниясы), Геофизикалық және сейсмикалық іздестіру жұмыстарына арналған электронды жабдықтарға («Сиань Лухай» геофизикалық технологиялар» компаниясы), бұрғылау құралдары (Dongying Weima Petroleum Drilling Tool), сондай-ақ, тәулігіне 2,5 тонна қуаттылықтағы цемент зауытының құрылысына (Гонконгтағы «Sino-Harbor Construction Group» компаниясы) қатысты  инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
05.12.2017
Экспортты дамыту бойынша өкілдігі ашылды

Бейжіңдегі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ жанынан Ақтөбе облысының инвестиция тарту және экспортты дамыту бойынша өкілдігі ашылды» деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.
17.11.2017
Индустриялды зонаға шақырамыз!

Құрметті кәсіпкерлер!
"Ақтөбе" ӘКК" ҰК" АҚ-ы "Ақтөбе" Индустриалды аймағында өндірісті салу үшін бос жатқан жер учаскелерінің бар екендігін хабарлайды.
Анықтама алу үшін Ақтөбе қаласы, мартук трассасының бойында орналасқан "Ақтөбе" Индустриалды аймағына хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 8-7132- 24-06-05, 74-20-94, 8 702 462 08 85. e-mail: spk.aktobe@mail.ru
20.10.2017
«Мұнай және газдың көлеңкелі айналымының проблемалары» тақырыбында өңіраралық форум

Ақтөбеде «Мұнай және газдың көлеңкелі айналымының проблемалары» тақырыбында өңіраралық форум өтті. Облыс әкімдігі мен ҚР Бас прокуратурасы бірлесіп ұйымдастырған форумның басты мақсаты — мұнай мен газға қатысты барлық туындаған мәселені нақты шешу жолдарын пысықтау үшін көмірсутектердің заңсыз айналымы бойынша кең форматта диалог құру.
13.10.2017
V халықаралық инвестициялық форум қорытындысы бойынша 200 миллиард теңгенің он бір меморандумына қол қойылды.

V халықаралық инвестициялық форум қорытындысы бойынша 200 миллиард теңгенің он бір меморандумына қол қойылды.
03.10.2017
START UP KAZAKHSTAN

Қазақстан нарығына үздік технологиялар мен шешімдерді тарту мақсатымен жүзеге асырылатын посткеңестік елдер арасындағы бірінші ұлттық стартап-бағдарламағаның қатысушысы болыңыз!
02.10.2017
80 миллиард теңгені құрайтын бірқатар меморандумға қол қойылды

Ақтөбе облысында құны 48 миллиард теңгені құрайтын қуаттылығы 700 МВт электр станциясы салынады. Бұл жөнінде Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Туған жер» республикалық форумында белгілі болды.
02.10.2017
Ақтөбеде «Туған жер» республикалық жерлестер форумы өтті.

Ақтөбеде «Туған жер» республикалық жерлестер форумы өтті. Оған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, атақты ақтөбеліктер, сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдар мен облыстық басқармалар мен мекемелердің басшылары қатысты.
08.09.2017
"Made in KZ" саябағының салтанатты ашылу рәсімі

Облыс әкімі Б,М.Сапарбаев Ақтөбе қаласының Болашақ ауданында Индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармалары қолдауымен салынған "Made in KZ" саябағының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты
31.08.2017
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №241

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» және «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы»
31.05.2017
Тимур Рабаев: «Осындай кездесулер бізге жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді»

Өткен аптада Ақтөбе облысының индустриалық-инновациялық даму басқармасында өңіріміздегі жер қойнауын пайдаланушы компанияларының сатып алу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті. Аталған жұмыс тобының отырыстары жергілікті тауар өндіруші компаниялармен қызмет көрсетушілерге ірі кәсіпорындармен кездесіп, өз тауарын ұсынуға үлкен мүмкіндік береді.
10.05.2017
Хромтау ауданында мыс пен мырыштың жаңа кеніші салынады

Хромтау ауданында мыс пен мырыштың жаңа кеніші салынады Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы І тоқсанының қорытындысы туралы мәлімдеді.
26.04.2017
Ақтөбе­ облысы әкімдігінің ­aktobe.gov.kz ресми с­айтында облыс әкімі Б­.М.Сапарбаевтың http://aktobe.gov.kz/­ru/blog_chief/82 блогы жұмыс жасайды

Құрметті желі ­қолданушылары, Ақтөбе­ облысы әкімдігінің ­aktobe.gov.kz ресми с­айтында облыс әкімі Б­.М.Сапарбаевтың http://aktobe.gov.kz/­ru/blog_chief/82 блогы жұмыс жасайды.­ Мұнда сіздер өз пікір­леріңізбен бөлісіп, о­блысымыздың әлеуметті­к-экономикалық жағдай­ын жақсы жағына қарай­ өзгерту туралы ойлар­ыңызды ұсына аласыз. Сұрақтарыңыздың жауаб­ын тез алу үшін жолда­йтын сауалыңыздың маз­мұнын анық жазып, сіз­бен хабарласу үшін ба­йланыс деректеріңізді­ көрсетуіңіз  сұралад­ы. Сұрақты қоймас бұр­ын жауапты блогтағы м­атериалдардан іздеп к­өру қажет. Өйткені сұ­рағыңыздың жауабы сол­ жерден табылуы әбден­ мүмкін, сондықтан сі­з қажет ақпаратты оңа­й аласыз.
26.04.2017
Орынбор облысында 27-28 сәуір күндері Ақтөбе облысының күндері өтеді

Шекаралас ынтымақтастық тарихында алғаш рет Орынборда Ақтөбе облысының күндері аясында дөңгелек үстелдер, кітап көрмесі, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың қазақ труппасының спектакльдері ұйымдастырылады.
26.04.2017
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеге өңір басшысының шақыруымен келген «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тэд Этчисонмен кездесті. 

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеге өңір басшысының шақыруымен келген «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тэд Этчисонмен кездесті.

Беттер