Жаңалықтар

03.10.2017
START UP KAZAKHSTAN

Қазақстан нарығына үздік технологиялар мен шешімдерді тарту мақсатымен жүзеге асырылатын посткеңестік елдер арасындағы бірінші ұлттық стартап-бағдарламағаның қатысушысы болыңыз!
02.10.2017
80 миллиард теңгені құрайтын бірқатар меморандумға қол қойылды

Ақтөбе облысында құны 48 миллиард теңгені құрайтын қуаттылығы 700 МВт электр станциясы салынады. Бұл жөнінде Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Туған жер» республикалық форумында белгілі болды.
02.10.2017
Ақтөбеде «Туған жер» республикалық жерлестер форумы өтті.

Ақтөбеде «Туған жер» республикалық жерлестер форумы өтті. Оған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, атақты ақтөбеліктер, сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдар мен облыстық басқармалар мен мекемелердің басшылары қатысты.
08.09.2017
"Made in KZ" саябағының салтанатты ашылу рәсімі

Облыс әкімі Б,М.Сапарбаев Ақтөбе қаласының Болашақ ауданында Индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармалары қолдауымен салынған "Made in KZ" саябағының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты
31.08.2017
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №241

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» және «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы»
31.05.2017
Тимур Рабаев: «Осындай кездесулер бізге жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді»

Өткен аптада Ақтөбе облысының индустриалық-инновациялық даму басқармасында өңіріміздегі жер қойнауын пайдаланушы компанияларының сатып алу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті. Аталған жұмыс тобының отырыстары жергілікті тауар өндіруші компаниялармен қызмет көрсетушілерге ірі кәсіпорындармен кездесіп, өз тауарын ұсынуға үлкен мүмкіндік береді.
10.05.2017
Хромтау ауданында мыс пен мырыштың жаңа кеніші салынады

Хромтау ауданында мыс пен мырыштың жаңа кеніші салынады Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы І тоқсанының қорытындысы туралы мәлімдеді.
26.04.2017
Ақтөбе­ облысы әкімдігінің ­aktobe.gov.kz ресми с­айтында облыс әкімі Б­.М.Сапарбаевтың http://aktobe.gov.kz/­ru/blog_chief/82 блогы жұмыс жасайды

Құрметті желі ­қолданушылары, Ақтөбе­ облысы әкімдігінің ­aktobe.gov.kz ресми с­айтында облыс әкімі Б­.М.Сапарбаевтың http://aktobe.gov.kz/­ru/blog_chief/82 блогы жұмыс жасайды.­ Мұнда сіздер өз пікір­леріңізбен бөлісіп, о­блысымыздың әлеуметті­к-экономикалық жағдай­ын жақсы жағына қарай­ өзгерту туралы ойлар­ыңызды ұсына аласыз. Сұрақтарыңыздың жауаб­ын тез алу үшін жолда­йтын сауалыңыздың маз­мұнын анық жазып, сіз­бен хабарласу үшін ба­йланыс деректеріңізді­ көрсетуіңіз  сұралад­ы. Сұрақты қоймас бұр­ын жауапты блогтағы м­атериалдардан іздеп к­өру қажет. Өйткені сұ­рағыңыздың жауабы сол­ жерден табылуы әбден­ мүмкін, сондықтан сі­з қажет ақпаратты оңа­й аласыз.
26.04.2017
Орынбор облысында 27-28 сәуір күндері Ақтөбе облысының күндері өтеді

Шекаралас ынтымақтастық тарихында алғаш рет Орынборда Ақтөбе облысының күндері аясында дөңгелек үстелдер, кітап көрмесі, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың қазақ труппасының спектакльдері ұйымдастырылады.
26.04.2017
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеге өңір басшысының шақыруымен келген «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тэд Этчисонмен кездесті. 

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеге өңір басшысының шақыруымен келген «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тэд Этчисонмен кездесті.
07.04.2017
Өңірде 48 МЖС жобасы жүзеге асыру және жоспарлау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен мемлекеттік –жекеменшік әріптестіктің жүзеге асырылуы туралы мәжіліс өтті. 
30.03.2017
ҚР Премьер-Министрі ферроқорытпа зауытының өнімділікті арттырумен қатар,қоқыс көлемін азайтатын 4ші цехымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өнімділікті арттырумен қатар, қоқыс көлемін азайтуға да мүмкіндік беретін жаңа технологияны қолданатын 4-ші цехының жұмысымен танысты. 
30.03.2017
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жоғары жылдамдықтағы қозғалысты желі рельстерін өндіретін «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШСне барды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Индустрияландыру картасының ірі жобаларының бірі – жоғары жылдамдықтағы қозғалыс желісі мен көтеріңкі жүк қауырттылығы желісі үшін рельстер өндіретін «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не де барды. 
18.03.2017
«ОРЫС МЫС КОМПАНИЯСЫ» ЖАҚ ПРЕЗИДЕНТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БИЗНЕС АХУАЛЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Орыс мыс компаниясы» ЖАҚ президенті Всеволод Левинмен жұмыс барысындағы кездесу өткізді. Орыс мыс компаниясының құрамына Хромтау ауданында мыс-мырыш кенін шығаратын «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС кен орны кіреді. Кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы мен ЖШС-ның алдағы даму барысын талқылады. 
17.03.2017
«Ақтөбе хром қосындылары зауыты»

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі ірі өндірісітік компаниялардың бірі «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ басышылығымен және жұмысшыларымен кездесті. Кездесуге сонымен қатар, облыстағы кәсіподақ орталығының төрағасы Түрікпенбай Айжарықов та қатысты.

Беттер